Шетелден ұшып келген тағы 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14 қаңтар күні Қазақстан аумағына Нидерланды, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, өткен бір тәулікте елімізге барлығы 2 053 жолаушы ұшып келген. Олардың арасында 1 773 адамда коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 280-і анықтамасыз келген, олардың барлығы да ҚР азаматтары.

Атап айтқанда:

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – шетелден барлығы 6 рейс қонды, 750 жолаушы, оның ішінде анықтамамен – 644, анықтамасыз - 106;

- Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 1 095 жолаушы, анықтамамен - 948, анықтамасыз - 147;

- Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 208 жолаушы, анықтамамен - 181, анықтамасыз - 27.

«Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, 13 қаңтар күні шетелден Қазақстанға ПТР-анықтамасыз ұшып келген 94 азаматтың тест нәтижесі белгілі болды. Оған сәйкес, «Дубай – Нұр-Сұлтан» рейсінің – 1, «Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан» рейсінің 1 жолаушысынан коронавирус анықталды.

Еске салсақ, өзге елдерден әуе көлігімен келген қазақстандықтардан коронавирус індеті күнде дерлік анықталуда. Тек кеше ғана «Дубай – Алматы» рейсінің 2 жолаушысынан қауіпті инфекция табылған еді.



Соңғы жаңалықтар