ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, өткен бір тәулікте елімізге шетелден 3 771 жолаушы ұшып келді. Оның 3 414-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 357-сі анықтамасыз келген, барлығы да – ҚР азаматтары.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 1 932 жолаушы, анықтамамен – 1 803, анықтамасыз - 129;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 200 жолаушы, анықтамамен – 972, анықтамасыз - 228;
- Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 490 жолаушы анықтамамен келген;
- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 149 жолаушы анықтамамен келген.
«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - деді комитеттен.
Сондай-ақ 17 наурызда шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген Қазақситанның 387 азаматының талдау нәтижелері дайын болған. Оларға сәйкес, «Шарм эль-Шейх – Алматы» рейсіндегі – 3 жолаушыдан, «Шарм эль-Шейх – Нұр-Сұлтан» рейсіндегі 1 жолаушыдан коронавирус анықталды.
Еске салайық, 16 наурызда 3 мемлекеттен ұшып келген Қазақстанның 5 азаматынан коронавирус табылған болатын.