Атап айтқанда, Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшілігі «ҚазАқпарат» арқылы елімізді Тәуелсіздік күнімен құттықтады. «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығындағы мемлекетке өркендеу мен даму тілейміз» делінген құттықтау хатында.
Сондай-ақ, Ирак Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі Тәуелсіздік күні мерекесіне орай құттықтап, «бауырлас екі елдің арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастық қарым-қатынастардың үзілмеуін тілеген».
Ал Өзбекстанның ұлттық ақпарат агенттігі «ӨзА» «ҚазАқпарат» ұжымын және агенттік арқылы барша Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 26 жылдығымен құттықтап хат жолдады. «Өзбек және қазақ халқы - жақын әрі жақсы көрші, тамыры бір бауырлар. Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері біз үшін де қуаныш сыйлайды. Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің ұжымы туысқан Қазақстан халқына бейбітшілік, отбасыларына құт-береке тілейді. Әріптестерімізге халыққа қуанышты хабарларды жеткізуден талмасын дейміз», делінген құттықтауда.