«Қызмет бабымен шетелдік әріптестеріммен кездескен кезде, олар үнемі Мемлекет басшысының, Қазақстанның Конституцияға деген ерекше құрметін айтып, тамсанады. Көбінің айтуынша, Конституция күнін жыл сайын ерекше атап өтетін елдер аз. Оның үстіне, жыл сайын Конституция күні қарсаңында Халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырамыз. Қатысушы тараптар осы конференцияны тұрақты конституциялық форумға айналдыру туралы ұсыныстарын айтып жатыр», - дейді И.Рогов.
Конституциялық кеңестің төрағасы атап өткендей, Ата Заңымыздың 20 жылдығы мемлекет пен қоғамның осы уақытқа дейінгі дамуын ой елегінен өткізетін дата.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы - мемлекет пен қоғамның осы уақытқа дейінгі дамуын, даму барысында заңын қалай жетілдіріп, қандай тиімді тетіктер тапқанын саралайтын сәт», - деп түйіндеді сөзін И.Рогов.