Шетелдік әскери академияларға оқуға қалай түсуге болады
Қазақстандық армияның 300 офицері іріктеуден өтеді.Қабылдау комиссиясы кәсіби білімін, моральдық-психологиялық және дене даярлығынбағалайды. Әр кезеңді қорытындылайды. Мысалы, егер үміткер бір кезеңде шектідеңгейге жетпесе, онда ол келесі кезеңге жіберілмейді.
Қабылдау комиссиясы түсіндіріп өткендей,үміткерлердің әскери қызмет өткеруі назарға алынады, офицердің жауынгерлікдайындықтағы жетістіктері, сыныптық біліктілік деңгейі маңызды. Іріктеуқорытындысымен үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметші таңдалып, ол ҚазақстанныңҰлттық қорғаныс университетінде, сондай-ақ шетелдің әскери академияларындаоқитын болады.
«БиылҚазақстан Қарулы Күштерінен 53 офицер АҚШ-та, Түркияда, Ұлыбританияда, Ресейде,Германияда оқып, әскери академияларды, колледждерді және оқу-жаттығуорталықтарын бітіргенін атап өткен жөн. Негізгі мамандықтар әскер түрлері ментектерін, әскери бөлімдер мен құрамаларды басқаруға қатысты армиялық,майдандық, әскери-көліктік авиация, байланыс әскерлері, ӘШҚҚ,материалдық-техникалық және тылдық қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттіксаясат, басқару және халықаралық қатынастар мамандықтары», - делінгенхабарламада.