Шетелдік әскерилер елордалық десантшылардың тыныс-тіршілігімен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда тіркелген әскери-дипломатиялық корпус елордадағы десанттық-шабуылдау бригадасының күнделікті жұмысымен танысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс минстрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шетелдік қонақтар десант жауынгерлердің дайындығымен, қару-жарақ және әскери техникаларымен танысты. Сонымен қатар құрметті қонақтар үшін таныстыру саяхаты ұйымдастырылды. Олар авиациялық, сауытты танкі және автомобиль техникалары және зымыран-артиллериялық қару-қарақ жәдігерлері музейінде болды.

Кездесу соңында әскери атташелер десанттық-шабуылдау бригадасы әскери қызметшілерінің дайындық жүйесіне жоғары баға берді.