Канаданың әскери қызметшілері инспекцияны әуе және жерүсті тәсілдермен өткізеді. Ол үшін әскери-көліктік тікұшақ және автокөлік тартылды. «Инспекцияның мақсаты - хабардар етілетін әскери қызметтің, яғни, армия деңгейінде әскери оқу-жаттығудың болуы немесе болмауы фактісін тексеру. Ол «Сенімділік пен қауіпсіздікті нығайту шаралары жөніндегі 2011 жылғы Вена құжатының» ережелеріне сәйкес өткізіледі», - деп ҚР ҚМ Қару-жарақты бақылау және инспекцияны қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың әскери қызметшілері атап өтті.
Одан басқа, Италия мен Литва өкілдерінің қатысуымен АҚШ-ты бағалау жөніндегі топ Қазақстан аумағында бағалау жөніндегі сапарды өткізуді бастады. Шетелдік әскери қызметшілер жеке құрамның, жыл сайынғы әскери ақпарат алмасу шеңберінде Қазақстан Республикасы ұсынатын қару-жарақ пен әскери техниканың негізгі жүйелерінің саны туралы деректерді бағалайды. Баға беру бойынша сапар шегу нысаны ретінде Талдықорған қаласындағы десанттық-шабуылдау бригадасы таңдалды. «Мұндай сапарлар өздерінің ұлттық аумақтарында шетелдік әскери инспекцияларды қабылдау ЕҚЫҰ кез келген қатысушы мемлекетінің міндеттемелері туралы Вена құжатына сәйкес өткізіледі», - деп орталықта хабарлады. ЕҚЫҰ әскери-саяси өлшем шеңберінде іс-шараларды орындау ЕҚЫҰ-да Қазақстан қызметінің басымдық бағыттарының бірі болып табылатынын айта кетейік.