Шетелдік азамат көші-қон заңдылығын бұзып, 10 тәулікке қамалды - БҚО

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Тасқала аудандық сотының қаулысымен Беларусь елінің азаматы П.Приходько ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 517-бабы 2-бөлімімен айыпты деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шекара бақылау бекетінің қызметкерлері Павлодар мен Ресейдің Шахты қаласы бағытында «Фрейтлайнер» жүк көлігімен жол тартқан П.Приходьконы ұстаған. Аталған азамат көші-қон қағазының мерзімі өтіп кеткенін «байқамаған».