Шетелдік беделді жас ғалым қоршаған орта бойынша мұғалімдерге зерттеу курсын өткізуде
Төрт күндік курс барысында «5 E моделі арқылы бағдарланған-проблемалық оқыту», «Global «Plastics Pollution – пластикпен ластану мәселелері», «GeoInquiry процесі және зерттеу сұрақтарын қалай құру керек?», «StoryMaps технологиясын енгізу» тақырыптарында қызықты практикалық дәрістер өткізу жоспарланған.
Ол – National Geographic Emerging Explorer 2020 конкурсының жеңімпазы.
Бұл марапат әлемнің түкпір-түкпіріндегі зерттеушілерге планетамызды сақтау үшін қоршаған орта проблемаларын ғылым, білім және көрнекі баяндау (сторителлинг) арқылы қалың көпшілікке жеткізу жолында атқарып жүрген қажырлы еңбегі мен күш-жігері үшін беріледі.
АҚШ-тың Флорида штатындағы Джексонвилл қаласының Creekside High School мемлекеттік мектебінде қоршаған орта ғылымы жөніндегі оқытушы болып жұмыс істейтін Алишиа Прессел *- National Geographic Emerging Explorer конкурсының 18 жылдық тарихында оқытушылар арасында осы марапатқа ие болған екінші адам.
Ол сондай-ақ National Geographic Society жанындағы мұғалімдердің консультативтік кеңесінің мүшесі, сертификатталған оқытушы.
Алишиа Пресселдің Назарбаев Зияткерлік мектептерінен кейін «Өрлеу» ұлттық біліктілік көтеру орталығы» АҚ қызметкерлеріне арналған семинарлар өткізуі де жоспарланып отыр.