«Ел экономикасына бір уақытта үш жүз мың доллардан астам инвестиция салған шетелдік бизнесмендерге инвестициялық визаны енгізу үшін Көші-қон саясаты тұжырымдамасына және «Халықтың көші-қоны туралы» заңға өзгерістер енгізілетін болады»,- деді ол.
Сондай-ақ, ол жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының таза кірісінің кемінде 7 проценті «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылатынын еске салды.
«Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту» төртінші бағыты бойынша 9 іс-шараны іске асыру көзделген. Жаңа әкімшілік реформа шеңберінде жеке сектордың кәсіпқойлар үшін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жұмыстан босату жүйесі барынша ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қайта қаралатын болады», - деді министр.