Мәлім етілгендей, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік 8 компания және «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының өкілдігі Нұр-Сұлтан қаласындағы көпсалалы медициналық орталыққа (КСМО) интенсивті терапия үшін заманауи жабдықтар мен жеке қорғаныш құралдарын сыйға тартты.
Интенсивті терапия жабдығы кереуеттің маңына орнатылатын мониторлардан, инфузиялық сорғылардан, қан анализаторынан, электр импеданс томографынан және жансақтау шараларын өткізуге арналған функционалды жабдықтардан тұрады. Медицина қызметкерлері аталмыш жабдықтармен жұмыс істеу үшін арнайы оқудан өтті. Сонымен бірге, медициналық респираторлар, қорғаныс халаттары, көзілдіріктер және қолғаптар секілді 10 мыңнан астам дана жеке қорғаныш құралдары берілді.
Арнайы медициналық жабдықтар мен материалдарға тапсырысты Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жасаған.