Шетелдік инвесторлар кеңесі: айналада кілең ірілі-ұсақты алыптар - К.Мәсімов

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Үкімет басшсы Кәрім Мәсімов өзінің Twitter-дегі парақшасына жазба қалдырған.

«Шетелдік инвесторлар кеңесі: айналада кілең ірілі-ұсақты алыптар», - деген онда Үкімет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 24-ші пленарлық мәжілісі өз жұмысын бастады. Кеңес отырысының бүгінгі тақырыбы - «Қазақстан кәсіпорындарының жаңғыруы мен жаңаруы».

Толық ақпаратты мына жерлерден оқи аласыздар: http://pm.kz , сондай-ақ www.facebook.com:80/KMassimov және http://vkontakte.ru/kmassimov .