«Президент төрағалығымен өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы жаңарту бағдарламасына арналатын болады. Естеріңізде болса, Елбасы істеп тұрған кәсіпорындарға назар аударуды, олардың қызметтеріне сараптама жүргізуді тапсырған болатын», - деді ол.
Сондай-ақ оның атап өтуінше, 9 айды оң нәтижелермен қорытындылаған Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің алдында 4-ші тоқсанда аталған кеңеспен қатар ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық байқау-көрмесін өткізу және Индустрияландыру картасы аясында 2-ші жартыжылдықта 80 нысанды іске қосу міндеті тұр.