Шетелдік инвесторлар тарапынан қазақстандық активке деген қызығушылық өсуде - «RESMI» инвестициялық қаржы үйінің басқарма төрағасы

АЛМАТЫ. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық активке деген қызығушылық Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында жаңа қарқын алуда.

Оны «RESMI» инвестициялық қаржы» АҚ басқарма төрағасы Александр Манаенко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихаты кезінде  айтты.

«Қазақстандық активке әсіресе ресейлік инвесторлар тарапынан қызығушылық өте жоғары.  Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) аясында бұл тақырыптың танымалдығы уақыт өткен сайын артуда.  Оған мемлекетаралық заңнаманың үйлесімділігі қосымша серпін беруде», - дейді А.Манаенко. Оның айтуынша, қазіргі таңда қаржы нарығы кеңістігінде  Қазақстан, Ресей және Беларус арасында жұмыс тобы құрылған. Ол  бұл саладағы реттеуді жетілдіру жұмысымен айналысуда.