Атап айтқанда, Kazakh Invest пен француздық ТНК Servier JSC арасында фармацевтикалық препараттар өндірісі бойынша жобаларды жүзеге асыру жөнінде түсіністік меморандумы рәсімделді.
Ал жеңіл өнеркәсіп саласында Kazakh Invest пен түркияның Cukurova Holding компаниясы гофрокартон каптамаларын шығаратын зауыт құрылысын бірлесіп қолға алатын болады.
Сонымен қатар тараптар жіп пен мата шығаратын зауыт салуға уағдаласты.
Агроөнеркәсіп саласында да бірқатар құжатқа қол қойылды. Мәселен, Eursian Agro Holding пен австралиялық Cedar Meats Australia компаниясы етті қайта өңдейтін зауыт құрылысын қолға алмақ.
Сонымен қатар Kazakh Invest қытайдың Hangzhou Qiandaohu xinLong Sci-tech компаниямен бірге жылына 12 мың тонна бекіре балығын өсіріп, өңдейтін, 2 мың тонна уылдырық шығаратын жобаны жүзеге асыратын болады.
Ритейл саласында Kazakh Invest пен француздық Decathlon Kazakhstan компаниясы спорттық киімдер мен құрал-жадбықтарды сатумен айналысатын дүкендер желісін құратын болады. Сондай-ақ тараптар алдағы уақытта 4800 жұмыс орнын құра отырып, өндіріс ошағын ашуға да ниетті.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өтіп жатқан KGIR-2018 жұмысына әлемдік ірі компаниялардың, отандық бизнестің, мемлекетттік органдардың 600-ден астам өкілі қатысуда. Еліміздің инвестициялық дамуын талқылау үшін елордаға Түркиядан - 60, АҚШ-тан - 43, Германиядан - 37, Ұлыбританиядан - 60, ҚХР - 49, Франциядан - 28, Ресейден - 30, БАӘ-ден 74 инвестор келді.