Шетелдік кеңесшілерді тартуды қысқарту керек - Есеп комитеті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова меморгандар мен ұлттық компанияларға шетелдік мамандарды тартуды қысқарту ұсынысын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Меморгандар мен ұлттық компаниялар халықаралық кеңесшілерді тартуға қомақты қаржыны жұмсауды жалғастырып келеді. Олардың еңбекақасы жергілікті мамандардан 3-4 есе асып түседі. Сонымен бірге олардың еңбекақысын реттеу бойынша нормативтік-құқықтық база жоқ. Осы орайда сарапшыларды тарту бойынша бірыңғай орталықты құру жолымен халықаралық кеңесшілер қызметтеріне шығыстарды оңтайландыру жөн болар еді», - деді Н. Годунова Мәжілістің жалпы отырсында.

Оның атап өтуінше, Есеп комитеті зерттеу жүргізу мен халықаралық кеңесшілерді тартуға бюджет қаржысын пайдалануға талдау жүргізді. Бұл тұрғыда зерттеулер жүргізуге шығыстар көлемінде елеулі айырмашылық анықталды.

Н. Годунованың пайымынша, зерттеулерді жоспарлау мен қабылдау кезінде «жалғыз терезе» қағидасын енгізу қажет. Бұл өз кезегінде бағытталатын қаржының тиімділігін арттырады.