«Менің ойымша, алдағы уақытта Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамытумен байланысты азық-түлік компанияларын көбірек көретін боламыз. Азық-түлік компаниялар жақынарада Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамытумен байланысты әлеуеттің зор екенін түсінетін болады. Өз базасы болатын азық-түлік компаниялар өнімдерді осы жақта экспорттай алады. Сондықтан да инвестиция мол салынатын келесі үлкен сала ауыл шаруашылығы болуы ықтимал»,- деп хабарлады Карлос М.Гутьеррес.
Инвестордың айтуынша, Қазақстанның инвестициялық климатын Дүниежүзілік банк жоғары бағалап отыр, шетелдік инвесторлар үшін осы мәселе өте маңызды.
«Инвесторлар қай елде салықтық мөлшерлеме жақсы, қай елде салық режімі жеңіл, соған қарайды, меншік құқықтарына, келісімшарт жасау шарттарына және сол келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына көңіл бөледі», -дейді Карлос М.Гутьеррес.
«Citigroup» компаниясының өкілі сондай-ақ, «Қазақстан біз үшін - дамып келе жатқан ел. Ол, біздің білуімізше, әлі де өсетін ел және біз өз қызметімізді осы бағытта жүргізетін боламыз»,- деп атап көрсетті.