Шетелдік компаниялардың Қазақстанның сақтандыру нарығына енуге аса құлшынысы жоқ - Борис Уманов

None
АЛМАТЫ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Қазір шетелдік компаниялар Қазақстанның сақтандыру нарығына енуге аса құлшыныс танытып отырған жоқ.

«Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Борис Уманов бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында осылай айтты.

«Қазақстанның сақтандыру нарығында бүгінгі таңда 5-10 тәуір компания бар. Шетелдік компаниялар олармен бәсекелесуге аса ықыласты емес. Батыс компаниялары  қазір Ресейде барынша белсенді жұмыс жасауда. Өйткені онда сақтандыру компанияларына қоятын талаптары Қазақстанға қарағанда аса қатал емес», - дейді Б. Уманов. Оның айтуынша, Қазақстанда қазір сақтандыру компанияларының жақсы іргетасы қаланды. Нарықта даму үдерісі жүріп жатыр. Бүгінгі таңда қазақстандық компаниялар сақтандыру қызметін экспортқа шығарып,  сырттан валюта әкеле бастады.