Шетелдік мамандар медицинаның өзекті мәселелерін талқылауға Талдықорғанға жиналады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шетелдік мамандар клиникалық медицинаның өзекті мәселелерін талқылауға Талдықорғанға жиналмақ. I-Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр.

Конференцияда алыс-жақын шетелдің үздік ғалымдары мен клиникалық дәрігерлер дәріс жүргізіп, тәжірибе жинаушы дәрігерлерге арналған семинар сабақтар өткізіледі. Сондай-ақ, «Ең үздік ғылыми жұмыс» сайысы өтпек. Сайыстан үздік шыққан 12 ғылыми-практикалық жұмыс іріктеліп Қазақстан мен шетелдің үздік мамандарымен тәжірибе алмасу мақсатында «емделушілердің қабылдау кеңесіне» жолдама алады.

Конференция 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталып отыр. Алқалы жиында кардиология, онкология, травматология, ана мен бала, ми қан айналымының ауытқуы, жедел медициналық жәрдем мәселелері талқыланады.