«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқтаған қылмыстық істің нәтижелерібойынша «БТА Банкі» АҚ бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы М. Әбілязовтіңқылмыстық қоғамдастықтың барлық жеті қатысушысы сотқа берілді.
Прокуратура Ресейдің үш азаматы, яғни Артур Трофимов (Австрияда босқынмәртебесіне ие), Максим Хаблов, Анар Абдихаимова, Украинаның бір азаматы -Ержан Кадесов және үш қазақстандық - Анатолий Погорелов, Валерий Налобин жәнеЗауре Жүнісова бойынша айыптау актісін бекітті», - деді С. Перов.
Оның сөзіне қарағанда, аталған адамдар тергеуге толық көмек көрсетеотырып, Әбілязовтің ақшаны ұрлау және жылыстату бойынша қылмыстық схемаларынегжей-тегжейлі ашты.
«Қылмыстық іс Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында қарастырылады. Сонымен қатар,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Әбілязовтің өзін қоса алғанда, халықаралықіздеудегі 17 күдіктіге қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеудіжалғастыруда», - деп нақтылады ол.
С. Перовтың атап өтуінше, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық аясындашет мемлекеттердің құзыретті органдары Әбілязовтің ақшаны ұрлауға және шетелдежылыстатуға кінәлі екеніне қосымша дәлелдер ұсынды.
«Алынған мәліметтер дәлелдік базаны нығайтып, қылмыстық және азаматтықпроцестер аясында шетелде зерттелетін жағдайларды айтарлықтай дәрежедетүсіндірді. Мысалы, 2019 жылғы 3 шілдеде Нью-Йорк штатының Округтік сотыныңсудьясы Кэтрин Паркер азаматтық талқылаудың барлық материалдарын, соған қосаӘбілязовтің сотта берген жауаптары мен оның ұсынған құжаттарын зерттеп шығып,оған қарсы санкциялар қолдану туралы шешім шығарды. Сот Әбілязов өзініңқолындағы құжаттарды қасақана жасырып, қойылған сұрақтарға әдейі жауап бермедідеген қорытындыға келді», - деді департамент басшысы.
Нәтижесінде, сот оны қазақстандық тараптың адвокаттардың қызметінежұмсалған шығындарын өтеуді міндеттеді және өзінің қорғауын қолдау бойыншақосымша құжаттарды мәлімдеуге тыйым салды. Осылайша, екінші шетелдік сот БТАбанкінің Әбілязовке қарсы қойылған талаптарының негізділігін растады және оныңоларға келтірілген дәлелдеріне күмән келтірді.
Осыдан бұрын Лондонның Жоғарғы соты үнемі алдап, сотты жаңылыстырыпжүргені үшін Әбілязовті 22 айға түрмеге қамау жазасына үкім шығарды, соныңнәтижесінде одан БТА банкінің пайдасына 4 млрд долларды өндіріп алу туралышешім шығарылды.