Денсаулық сақтаудағы тәлімгерлік отандық медицина кадрларын оқыту саласындағы жаңашылдық болып табылады. Оның негізгі басымдықтары медициналық көмек көрсету үрдісін жетілдірумен байланысты, шақырылған тәлімгер мамандарды «жергілікті жерлерде» оқытады. Медицинаның басым бағыттары бойынша тәлімгерлікті Ресей, Австрия, Швейцария, АҚШ, Литва, Түркия және т.б. мемлекеттердің жетекші профессорлары жүзеге асырды. Шақырылған тәлімгерлер - дәрігерлерді, орта медицина қызметкерлерін оқытудың мол тәжірибесіне ие, дәрігерлер арасында беделді тұлғалар.
Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ тәлімгерлік жөніндегі жобаны жүзеге асыру аясында қазақстандық дәрігерлерді екінші рет оқытты. 2012 жылы емханаға 10 шетелдік тәлімгер келген. Биыл жыл соңына дейін шақырылатын медицина тәлімгерлерінің жалпы саны 14 адамды құрайды. Тәлімгерлік институтты дамыту «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік тапсырмасы бойынша республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі.