БАҚ саммиті Грекияда жыл сайын өтетін ірі оқиға - Салоникидегі 82-ші Халықаралық жәрмеңке - TIF 2017 аясында ұйымдастырылды. Аталмыш шараның саяси мәртебесі бар, өйткені онда саясат саласының майталмандары мен елдің ірі бизнес өкілдері бас қосады.
Форум делегаттары сауда және мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған коммуникацияны жетілдіруді көздейтін арнайы декларацияға қол қойды.
Мұндағы мақсат - мамандар мен ақпарат алмасу. Бірлескен қимылдарды жүзеге асыру мен үйлестіру мақсатында форумға қатысушылар хатшылық құруды көздейді және оның базасы Салоникиде орналасады.
ANA президенті Михалис Псилостың айтуынша, хатшылыққа қатысу ерікті және қызығушылық танытқандардың барлығы үшін ашық түрде жүзеге асырылады.
Форумға «ҚазАқпарат» ХАА агенттігі, Қытай, Ресей, Түркия, Әзербайжан, Армения, Болгария, Польша, Италия, Испания, Чехия сияқты өзге де мемлекеттердің ақпарат агенттіктерінің басшылары қатысады.