Қырғызстан Республикасы Министрлер Кабинеті шығарған тиісті қаулы жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Онда қырғызстандықтар арасынан авиациялық персонал болмаған жағдайда шетел азаматтарына коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыруға және шетелдік әуе кемелерінің үлгілерінде авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат етілуі мүмкін екені айтылған. Қойылатын талап – авиациа қызметкерінің Қырғыз азаматтық авиация органының қолданыстағы куәлігін рәсімдеу, сондай-ақ елдегі тиісті білім беру ұйымдарында дайындықтан өту.
Қырғыз Республикасының азаматтық авиациясына шетелдік кадрларды тарту авиациялық институт курсанттарының арасынан ұшу персоналын дайындауға көп уақыт қажет етілетінмен түсіндіріледі.