Шетелдік велосипедші туристерді шымкенттіктердің көлікті жүргізуі таң қалдырды
18:36, 08 Тамыз 2012
ШЫМКЕНТ. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Шымкентке Қытайдан велосипедтермен саяхатшылар келді.
Велосипедшілер - ағылшын тілінің мұғалімдері Бен және Брендон Австралия және Америкада дүниеге келді. Аз заттарды алып саяхатқа аттануға олар Ж.Верннің «Әлемді 80 күнде айналып өту» романын оқыған соң шешті. Саяхатшылар өзедіріне уақыт талабын қоймайды, олардың басты мақсаты - әлемді өз көздерімен көру. Олар Қытайдан шығып, Ирландияға жол жүруде.
Бүгінде Бен және Брендон 5 мың шақырым жолды өтті. Саяхатта жүргендеріне бірнеше ай болды. Шымкентте оларды жергілікті тұрғындар, дәлірек айтқанда - олардың көлік жүргізуі таң қалдырды. Қазақстаннан кейін Бен мен Брендон Әзірбайжанға аттанбақшы. Жылдың аяғына дейін олар ондаған елдерге баруды жоспарлауда.