Шетелдік және отандық сарапшылар халықаралық стандарттарға қатысты мәселелерді талқылайды - Астана
деп хабарлады «Қазақстанның Стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметінен.
Институттың баспасөз қызметінің еске салуынша, қыркүйек айында ИСО Бас Ассамблеясының XXXII сессиясында Қазақстан ИСО Кеңесінің толық мүшесі атанды, ал ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің төрағасы Ғабит Мұхамбетов ИСО-ның Орталық Азия елдеріндегі аймақтық байланыс офицері болып сайланды. Сондықтан да семинар Астанада өткелі отыр.
«Әлеуметтік жауапкершіліктің түрлі көріністері бар, сондықтан да халықаралық деңгейде танылған стандарт әлеуметтік жауапкершілік тәжірибесінің жалпы перспективасы мен қолданыстағы жалпы қағидаларын түсінуге көмектесетін болады. Әлеуметтік жауапкершіліктің мақсаты қоғамның орнықты, салауатты дамуына қолдау көрсету болып табылады», дейді семинарды ұйымдастырушылар.