НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін танымал қазақстандық әнші Димаш 26 жасқа толды, оның қытайлық жанкүйерлері әлеуметтік желі арқылы әншінің туған күнін атап өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көптеген адамдар туған күнді тойлауға арналған қысқа бейнероликтер жасап, осылайша Димашқа тілектерін білдірді.
Кейбір жанкүйерлер Димашты туған күнімен құттықтау үшін түсірілген қысқа метражды фильмдерде ән айтып, би билеп, фортепианода ойнады.
Кейбір жанкүйерлер Димаш үшін сүйкімді портретін әзірлеген.
Еске сала кетсек, Димаштың жанкүйерлері әншінің туған күніне сыйлық ретінде шөлге 3 мыңнан астам тал екті.
Мұқтар Мұрат
Қытай редакциясының шеф-редакторы
Қытайдың ШҰАР Алтай аймағының тумасы
Жоғары білімді Қытайдың Іле- Қазақ автономды облысындағы Құлжа педагогикалық университетінде тамандаған, 2016 жылы ҚазАқпараттың Қытай редакциясына жұмысқа қабылданды.