Шетелдік жас пианистердің қазақстандық авторлардың шығармаларына қызығушылықтары артуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana Piano Passion» үшінші халықаралық классикалық музыка фестивалі мен жас пианистер байқауы 2015 жылы 24 сәуір мен 2 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды байқау ұйымдастырушылары.

Екінші байқау-фестивальдағы ережелер мен қатысу талаптарында еш өзгеріс болмайды. Өзгеріс тек қазақстандық авторлардың шығармаларының тізімінде болмақ, демек енді қатысушыларда таңдау мүмкіндігі көбірек. Бірінші жылы әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас пианистердің таудауына қазақстандық танымал авторлардың 30-дан аса шығармалары ғана ұсынылған болатын, ағымдағы жылы тізім саны 85 шығармаға дейін артты. Енді қысқа әндік шығармалардан басқа, қатысушылар таңдауына күрделі және ұзақ шығармалар ұсынылмақ. «Байқау сайтына орналастыру үшін казақстандық композиторлардан өз шығармаларын бізге, яғни Ұйымдастыру комитетіне жіберулерін сұраймыз. 2014 жылы қазақстандық авторлардың шығармалары байқау сайтынан 10 000-ға жуық рет жүктеліп алынды. Байқауға деген қызығушылық зор, әр елден келетін қатысушылар - жас пианистер біздің шығармаларымызды үйрене отырып, еліміздің мәдениетімен де танысады. Біз осы балалардың бірнеше жылдардан соң фортепино өнерінің нағыз жұлдыздары болатынына сенеміз», - дейді «Accordi di Astana» қоғамдық қорының директоры Елена Коробейникова. Атап айтқанда, қазақстандық композиторлардың шығармаларын Ресей, ТМД, Еуропа және Солтүстік Америка тұрғындары ғаламтордан жиі жүктеп алады екен. Естеріңізге сала кетейік, «Astana Piano Passion» байқауына екі жыл көлемінде 64 елден 252 жас пианист қатысты. Байқаудың жүлде қоры 60 000 АҚШ долларын құрайды. «Astana Piano Passion-2015» байқауына құжаттарды қабылдау astana-app.kz/ru сайтында 2014 жылдың қараша айында басталады.