«Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы жобасының аясында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс 61, 62 және 63-баптармен толықтырылды. Онда Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика министрліктеріне және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарт жасасуда кәсіпкерлікті ынталандыру бойынша қызмет бекітілген», - делінген Роман Склярдің жауабында.
Оның атап өтуінше, рәсімделген келісім Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінен кейінгі көшпелі кезеңнің аяқталуына байланысты сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің жергілікті қамту үлесін сақтауға және арттыруға бағытталған. Бұл келісімнің орындалуын жіті бақылау ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика министрлігімен қатар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүктелген.