«Мемлекет басшысышетел компаниялары қызметкерлерінің еңбек жағдайы мен еңбекақы мәселесінеерекше назар аударды. Бүгінгі таңда қызметкерлерге тең еңбек жағдайын жасау,еңбекті қорғауды басқарудың заманауи жүйесін енгізу бойынша жұмыс берушілердіңміндеттері мен жауапкершілігін бекітуді көздейтін заң жобасы әзірленді, құжатжақын арада Парламентке жіберіледі», - деді ол.
Г.Әбдіқалықованың сөзіне қарағанда, қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру үшіншетел жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда шиеленістің алдын алу және болдырмауіс-шаралар жоспары әзірленуде.
«Кейбіркәсіпорындарда тексерулер жүргізу жоспарланған. Оның қорытындысына сәйкес,заңнамалық актілерді жетілдіру бойынша кешенді ұсыныстар әзірленетін болады», -деді ол.