Шетелдік журналистер Қазақстан мәдениетімен танысты
Турға мәдениет және өнер саласында маманданған Австралия, Австрия, Бразилия, Ұлыбритания, Испания, Италия, Канада, Мысыр, Сербия, АҚШ, Франция, Оңтүстік Африка Республикасы және Жапонияның жиырмадан астам тілшілері мен блогерлері қатысуда.
Астанада тілшілерге Ұлттық музей мен ЭКСПО-2017 қазақстандық павильонының экспозициялары ұсынылды. Ұлттық академиялық кітапханасында баспасөз туры қатысушыларының алдында Үмітхан Мұналбаева, Тұрсын Жұртбай, Болат Көмеков, Әлімжан Баянғали, Тұржан Оңайгүл және Ұлықбек Есдәулет сияқты қазақстандық әдібиеттанушылар мен ғалымдар сөз сөйлеген. Профессор Әділ Ахметовпен, сондай-ақ жебеуші және саяхатшы Сапар Ысқақовпен кездесулер өтті. «Астана-Опера» театрында шетелдік тілшілер «Кармен» операсының премьерасын тамашалады.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп, баспасөз турының қатысушыларына Отырар көне шахары, Қожа Ахмет Яссауи мен Арыстанбаб кесенелеріне, сондай-ақ Әзірет Сұлтан Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығына сапарлары ұйымдастырылды.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы саяси және экономикалық оқиғаларды жариялау үшін шетелдік тілшілердің баспасөз турларын тұрақты түрде ұйымдастырып отырады. Сонымен қатар, «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы шеңберінде өтіп жатқан бұл бірінші баспасөз туры туризмді дамытуға және жалпы Қазақстанның дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі оң имиджін қалыптастыпуға атсалысады.