Шетелдік журналистер Ясауи кесенесімен танысты

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласына шетелдік тілшілер келіп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БАҚөкілдерінің қатысуымен өткен мәдени баспасөз-турының мақсаты - Елбасы НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандағы заманауиқазақстандық мәдениет» жобасын халықаралық деңгейде насихаттау.

ҚР Сыртқыістер министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігі, Түркістан облысыәкімдігінің ұйымдастыруымен өткен сапар барысында UNESCOтізімінеенген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және ондағы жәдігерлермен танысқан БАҚ өкілдеріЖерасты қылуеті, Жұма мешітін де аралады.

Аустрия, Германия, Италия, Корея, Қытай, Мысыр,Ұлыбритания, Үндістан, Франция, Швеция, Швейцария сынды мемлекеттердің, атапайтқанда «Specchio Economico» (Италия), «Global Times» (Қытай), «Le Figaro»(Франция), «Korean Broadcasting System» телеарнасы (Корея), «The HolidayMagazine» (Ұлыбритания) 20-ға жуық журналист «Әзірет Сұлтан»мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов НұрболатҚадырұлы және археолог мамандардан сұхбат алып, пікір алмасты.

«Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет»жобасы шеңберінде төртінші рет өткен баспасөз туры туризмді дамыту және жалпыҚазақстанның дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі оң имиджін қалыптастыруғабағытталған.

Соңғы жаңалықтар