Шетелдіктер елімізде қандай маусымдық жұмыстарға тартылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі ҚР Заңының 11-бабы 14-6 тармақшасына сәйкес бұйырамын: Қоса беріліп отырған маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесі бекітілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған министр бұйырығында.

Құжатта көрсетілгендей, маусымдық еңбек үшін шетелдік жұмыс күші тартылатын кәсіптердің тізбесіне мына салалар енді:

- Бағбандар және бақшашылар;

- Егіншілер және көкөнісшілер;

- Темекі өнімдерін дайындау жөніндегі жұмысшылар;

- Өсімдік шаруашылығында біліктілігі жоқ жұмысшылар;

- Мал шаруашылығында біліктілігі жоқ жұмысшылар;

- Аралас өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде біліктілігі жоқ жұмысшылар.

Бұйырық жобасы 17 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.