Шетелдіктер Қазақстанда ауыл шаруашылығы жобаларына инвестиция салу үшін қор құруға ниетті

АСТАНА. ҚақАпарат - «ҚазАгро» холдингінің инвестициялық қоржынында жалпы құны 298,6 млрд. теңгеге (14,7 мың жұмыс орнының құрылуымен) 464 жоба бар.

Осы орайда жалпы құны 207,5 млрд. теңгеге (11,5 мың жұмыс орнының құрылуымен) 348 жоба немесе 75 пайызы іске қосылған. Инвестициялық жобалар бүкіл облыстарда, соның ішінде 75,1% - аудандарда, 76,9% - облыс маңызына ие қалаларда және 25,9% - аудан маңызындағы қалаларда іске асырылуда (ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 24 аудан инвестициялық жобалармен қамтылды). Облыстар ішінде инвестициялық жобаларды іске қосудағы көшбасшылар болып табылатындар: Ақмола облысы - 63 жоба, СҚО - 40 жоба, Алматы облысы - 39 жоба, Қостанай облысы - 37 жоба және ОҚО - 30 жоба. Жаңа жобаларды бекітудің оң серпіні қалыптасқан, 2013 жылы 113 жоба бекітілген, бұл деңгей 2012 жылғы деңгейінен 1,5 еседен жоғары асып түседі. Холдинг мәліметіне қарағанда, ағымдағы жылдың 31 қазанына 111 жоба бекітілген, бұл қарқын жылдың соңына дейін сақталатын болады. Атап айтқанда, ҚР Ұлттық қорының қаражаттары бойынша 216 инвестициялық жоба бекітілді, 187 жоба қаржыландырылды, 146 инвестициялық жоба іске қосылды. «ҚазАгро» акционерлік қоғамының жобалар қоржыны құрылымындағы 17% үлесті жалпы құны 50,8 млрд.теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 82 жоба қамтып отыр. Негізінен, бұл астықты, етті, сүтті, сондай-ақ майды, күрішті, балықты, жүнді және басқа да қайта өңдеу бойынша жобалар. Ағымдағы жылы 37,1 млрд. теңгеге 68 инвестициялық жобаның іске асырылуы жобаланып отыр, қазіргі уақытта оның 56 инвестициялық жобасы іске қосылған. Биылғы жылдың аяғына дейін тағы да 12 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда.

«Холдингтің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру нәтижесінде құс етін тұтынудағы импорттың үлесін 21 пайызға, сүт және сүт өнімдері импортының көлемін 6 пайызға, жеміс-көкөніс импортын 5 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді», - дейді осы холдингтің басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов. Айта кетейік, 2014 жылдың соңына дейін Венгрияның ЭксимБанкімен бірлесіп, шамамен 40 млн. АҚШ долларына Қазақстандағы ауыл шаруашылығының жобаларына инвестиция салу үшін Қазақстан-Венгрия қорын құру жоспарлануда.