«Түркия сапалы жағажай шипажайлары бар орын ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Олай болғанымен, өздеріне тыныш әрі әдемі жер іздеген клиенттер шипажайлық елдің ауылдарына көңіл аударып отыр», - деп мәлімдеді Spot Blue International Property директоры Джулиан Вокер.
«Осы жерлерге бірнеше шетелдік сатып алушылар келген соң, қалғандары соңынан еріп отырады», - деп қосып өтті ол. Осыған мысал ретінде Кемер маңындағы Бейджик ауылы және шетелдіктер арасында ең танымал - Антальяны келтіруге болады. Мұнда тұрғын үй сатып алушылар Ұлттық саябақтың қасында орналасқан Олимпос тауының етегіндегі тыныштық пен жайлылыққа бөленеді.
Виллалар кешенінің бірінде тұрғын үйлердің жартысынан көбіне түріктердің өздері иелік етсе, қалған үй иелері - ағылшындар, шотландиялықтар, валлийліктер, немістер мен ресейліктер. Бейджик орталығы кешенге өте жақын орналасқан.
Түркияның Статистикалық ведомствосының (TurkStat) мәліметтерінше, 2014 жылдың бірінші он айында елде шетелдіктерге баспана сату деңгейі 66 пайызға өскен. Шетелдіктер ең көп тұрғын үй сатып алған жерлер тізіміне Анталья, сондай-ақ Калкан, Белек, Сиде және Аланья шипажайлары кірді. Шетелдік клиенттердің саны бойынша екінші орында Ыстамбұл қаласы тұр.