Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алайда, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кәсіпкерлермен және қонақүй бизнесінің өкілдерімен кездесулерінің қорытындысы бойынша туристік жарнаның мөлшерін қайта қарау туралы шешім қабылданды. Ол пайыздық арақатынаста емес, АЕК-ке сай есептеледі.
Мәселен, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында bed tax 0,5 АЕК, қалған өңірлерде — 0,2 АЕК құрайды.
«Бизнес өкілдері қолданыстағы тәртіпке өзгерістер енгізу бойынша көптеген тартымды ұсыныстар берді. Біз кәсіпкерлерді тыңдап, жарнаны есептеудің жаңа қағидатын қоса алғанда бірқатар түзету әзірледік»,- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.