Қытайдың шет тілдер мекемесі мен «Шаһар» ғылыми-зерттеу орталығы жуырда «Қытай мемлекеті образының әлемдегі орны» атты ғылыми сараптамасын жариялады. Шетелдіктердің көпшілігі «Қытай тарихы ұзақ, мәдениеті бай, байырғы ел», деп таниды. Ал 58 пайызы - Қытай экономикасы көтеріліп келе жатқан ірі ел екенін мойындады. Олардың 47 пайызы Қытай әлдеқашан әлемдегі ірі елге айналды деп біледі.
19:23, 24 Ақпан 2014
Шетелдіктердің 50 пайызға жуығы Қытайдың әлемдегі ірі ел екенін мойындады
АСТАНА. Қазақпарат - Жуырда жүргізілген сараптама нәтижесі шетелдіктердің 50 пайызға жуығы Қытай әлемдегі ірі елдер қатарына қосылғандығын көрсетті. Бұл туралы бүгін қытайлық «Халық» сайты хабарлады.