Шетелдің іскерлік топтарын ЕХРО нысандарын салуға ынтымақтастыққа шақырамын - Н. Назарбаев

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдің іскерлік топтарын ЕХРО нысандарын салуға қатысуға шақырды.

Барша Қазақстан халқы атынан Астананың ЕХРО-2017-ні өткізуіне қолдау білдірген елдердің басшыларына алғыс жеткізуді баса айтқан Мемлекет басшысы: «Біз бұл жаһандық жобаны абыроймен атқаруға тырысамыз. Оның дайындық жұмыстарын біздер бастап та кеттік, оны өздеріңізде білесіздер. Осы сәтті пайдалана отырып, шетелдердің іскерлік топтарын ЕХРО нысандарын салуға ынтымақтасуға шақырамын», - деді.