Шетелдік шоттар: 5,4 млрд теңге бюджетке қалай қайтарылды

Фото: Минтруда

АСТАНА. KAZINFORM – Қазіргі таңда оффшорлық юрисдикцияларда ашылған азаматтарымыздың банктік шоттарындағы ақша сомасы 1,4 млрд теңге.

Жыл сайын ЭЫДҰ-ға қатысушы елдердің құзыретті органдары автоматты алмасудың бірыңғай стандарты (CRS) шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелерінің шоттары туралы деректермен алмасады.

- Деректер алмасудың арқасында Қазақстан бюджетіне 5,4 млрд теңге түсті. Мемлекеттік кірістер комитеті шет мемлекеттердің салық органдарынан алынған ақпарат негізінде Қазақстанның 2 мыңнан астам резидентіне тексеру жүргізді. Нәтижесінде 1 602 қазақстандық 5,4 млрд теңге сомасына ЖТС төледі. Алынған кірістерден, соның ішінде дивидендтер мен сыйақылар түріндегі ең көп сома Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Қытай Халық Республикасы, Түркия және т. б. елдерге тиесілі, - делінген Мемлекеттік кірістер комитеті хабарламасында.

Қазіргі таңда оффшорлық юрисдикцияларда ашылған азаматтарымыздың банктік шоттарындағы ақша сомасы 1,4 млрд теңге.

- Ең көп сома Панама республикасы 1,2 млрд теңге, Вануату 0,2 млрд теңге, Сан-Марино 0,1 млрд теңге сияқты елдерге және т. б. тиесілі, - делінген хабарламада.

Қазақстан CRS шеңберіндегі ынтымақтастық географиясын кеңейтуді жалғастырып жатыр.

Егер 2021 жылы деректер алмасу 51 юрисдикциямен жүзеге асырылса, 2024 жылы олардың саны 89-ға жетті, оның ішінде 26 оффшорлық ел. ЭЫДҰ әзірлеген бұл тетік капиталды заңсыз шығаруға қарсы күресте маңызды құрал жәкірісне шетелде шоттары бар қазақстандықтардың кірістерінен салықтарды тиімді әкімшілендіруге көмектеседі.

Осылайша, Қазақстан салықтық ашықтық саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады, бұл бюджет түсімдерінің ұлғаюына ықпал етпек.

 Еске салсақ Әлихан Смайылов Президентке есеп берген кезде бюджетке 135 млрд теңге қайтарылғаны туралы айтқан еді