Шетелдік валюта бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Фото: Pexels

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 467,00 теңгеден сатып алынады, 474,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 544,00 теңге, сату - 554,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,10 теңге, сату - 6,40 теңге;
- юань 67,71 теңгеден сатып алынады, 73,30 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 468,78 теңге, сату - 470,99 теңге;
- еуро: сатып алу - 545,60 теңге, сату - 550,97 теңге;
- рубль 6,18 - 6,31 теңге аралығында саудаланады.
- юань 68,34 - 70,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 15 мамыр күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,87 теңгеге түсіп, 470,17 теңге болды.