Шетелдік валюта қаншадан саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Фото: Kazinform/ЖИ

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 449,06 теңгеден сатып алынады, 456,06 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 500,06 теңге, сату - 510,06 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,35 теңге, сату - 5,55 теңге;
- юань 68,16 теңгеден сатып алынады, 71,78 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 452,29 теңге, сату - 454,18 теңге;
- еуро: сатып алу - 502,24 теңге, сату - 506,47 теңге;
- рубль 5,34 - 5,46 теңге аралығында саудаланады.
- юань 67,70 - 70,11 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 29 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,22 теңгеге түсіп, 453,71 теңге болды.