Шетелдік валюталардың бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Коллаж: Kazinform \ ЖИ

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 443 теңгеден сатып алынады, 450 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 507 теңге, сату — 517 теңге;
— рубль: сатып алу — 4,9 теңге, сату — 5,2 теңге;
— юань 67,5 теңгеден сатып алынады, 71,5 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 445 теңге, сату — 449 теңге;
— еуро: сатып алу — 508 теңге, сату — 514 теңге;
— рубль 5,04 — 5,14 теңге аралығында саудаланады.
— юань 67 — 69 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 22 қыркүйек бойынша доллар теңгеге шаққанда сәл арзандаған еді.