Шетелдік валютаны қаншадан сатып алуға болады

Коллаж: Kazinform / Freepik

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 495,62 теңге, сату — 498,30 теңге;
— еуро: сатып алу — 584,03 теңге, сату — 588,99 теңге;
— рубль 6,39 — 6,51 теңге аралығында саудаланады.
— юань 71,67 — 74,58 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 494,00 теңгеден сатып алынады, 501,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 582,00 теңге, сату — 592,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,30 теңге, сату — 6,60 теңге;
— юань 72,36 теңгеден сатып алынады, 76,69 теңгеден сатылады.

Еске салайық, апта аяғында доллардың орташа бағамы 0,13 теңгеге арзандап, 494,63 теңге болды.