Шетелдік журналистер Израильді Газаға кіруге рұқсат беруге шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – Ашық хатта халықаралық БАҚ-тың 55 қызметкері Израильді барлық шетелдік журналистердің Газа секторына еркін және кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге шақырды.

Фото: Shutterstock

Хатқа ВВС, Sky News, ITV, Channel 4, ABC, CBS, NBC және CNN сияқты британдық және америкалық хабар таратушылардың тілшілері мен жүргізушілері қол қойды.

«Газада соғыс басталғалы бес айға жуық уақыт өтсе де, Израиль әскери қызметкерлерінің еріп жүруімен болған сирек жағдайларды қоспағанда, шетелдік тілшілерге аумаққа кіруге тыйым салынуда», - делінген хатта.

Израиль әскерилерінің мәлімдеуінше, олар Газаға журналистерді олардың қауіпсіздігі үшін алып баратынын айтады, бірақ бұл сапарлар қатаң бақыланып, көбіне ХАМАС содырлары пайдаланатын туннельдерді немесе қару қоймаларын көрсетуге арналған.

«Қазіргі кезде Израиль армиясы ХАМАС лаңкестік ұйымына қарсы соғысып жатыр. Журналистердің қауіпсіз хабарлауын қамтамасыз ету үшін біз оларды ұрыс даласына алып барамыз», - деді ЦАХАЛ өкілі.

Хатта сондай-ақ Мысыр билігінен Мысыр мен Газа секторының шекарасындағы «Рафах» бақылау-өткізу бекетіне кіруді қамтамасыз ету сұралды.