«Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта шетелге шығатын қазақстандықтарға арнап мобильдік қосымша жасап жатыр. Демек, шетелде оқыс жағдайға тап болып қалған адамдар осы мобильдік қосымшаның қызметін пайдалана алады. Біз бұл туралы алдағы уақытта толығырақ хабарлаймыз», - дейді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.
Оның айтуынша, отандастарымыздың Түркияда жол апатына ұшырау оқиғасы сапарды алын ала сақтандыру қажеттігін көрсетіп отыр.
«Мен тағы да біздің министрліктің шетелдегі мекемелерінің тізімі СІМ-нің ресми сайтында барын еске салып өткім келеді. Олардың нөмірін алып жүрген дұрыс. Шетелдегі мекемелер кез келген жағдайда көмек береді», - дейді ол.