Аталған комиссияға Бас прокурор жетекшілік етіп, Мемлекет басшысы өзі бақылайды.
12:51, 05 Маусым 2022
Шетелге жылыстатылған қаржыны қайтару жөніндегі комиссия құрылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл комиссия Қазақстаннан шетелге заңсыз жылыстатылған қаржыны елге қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.