Шейх Салман ФИФА президенті болса ӘЧ-2018/22 өтініш беру науқанын қайта қарастыруы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азиялық футбол конфедерациясының басшысы және Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенттігіне үміткер шейх Салман бин Ибрагим әл-Халифа ұйым президенттігінің сайлауында жеңіске жетсе, 2018 және 2022 жылдары Ресей мен Катарда өтетін әлем чемпионатының өтініш беру науқанын қайта қарастыруы мүмкін екенін айтты.

Бұл туралы Insidethegames порталы хабарлады.

ФИФА президентінің сайлауы 2016 жылы 26 ақпанда ұйымның кезектен тыс конгресінде өтеді. Шейх Салманнан басқа бұл лауазымға Иордания ханзадасы Али бин Әл-Хусейн, ОАР тұрғын үй құрылысы бойынша бұрынғы министр және Нельсон Манделаның серіктесі Токио Сексвале, ФИФА бас хатшысының бұрынғы орынбасары француз Жером Шампань мен Еуропалық футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) бас хатшысы Джанни Инфантино таласады, деп хабарлады ТАСС.
Фото:© AP Photo/Hasan Jamali