Шейіт болған майдандастарымыз мәңгілік есімізде! - артиллерист Қалдыбек Байжарқынов

None
>Бүгін бұл рубрикада Ұлы Отан соғысының ардагері Қалдыбек Байжарқынның қаһармандық ерлігі туралы әңгімелейміз.

Ұлы Отан соғысының қырғынды әрі тағдырлы екі шайқасы - Мәскеу мен Сталинград түбіндегі күрестердің қатысушысы - пулеметші Қалдыбек Байжарқыновтың айтуынша, жер бетіндегі ең үлкен бақыт - ол ашық аспан мен бейбіт өмір. «Мен Ұлы Жеңістің 65-ші көктемін қарсы алып отырмын. Мен шын мәнінде бақыттымын!», - деп атап өтті соғыс ардагері.

Соғыс басталған кезде оның жасы небәрі 18-де болатын. Әскер қатарына шақырылған ол, Мәскеу түбінде жаңадан құрылып жатқан танкіге қарсы артиллериялық полкке түсіп, сонда жас жауынгер курсынан өтті. Өзінің жасына қарамастан ол техниканың қыр-сырын лезде игеріп алды, сол үшін полк командирінің алғысына ие болады. Оған артиллериялық зеңбірек сеніп тапсырылады. Оның майдан алаңындағы алғашқы шайқасы, ел жүрегі - Мәскеуді жаулардан азат ету кезінде болды. «Сол жылдары қақаған аяздар болды. Бірақ біз өлім мен өмір үшін күресіп, жаудың өтіп кетуіне жол бергеніміз жоқ. Кеңестік солдаттардың қажымас қайраты, фашистік басқыншыларға деген өшпенділік пен барлық солдаттар мен офицерлердің бір мақсатқа жұмылдырылған күш-жігері, жауды Мәскеу маңынан қууға көмектесті», - деп еске алды пулеметші.

Алғашқы шайқастан кейін майдан жолдары оны тағы бір аса маңызды соғыс учаскісіне алып келді. 1942 жылдың мамырында оның полкі генерал-полковник Константин Рокоссовскийдің басшылық етуімен Бірінші Украин майданына Еділ бойына маңына аттандырылады. Қ.Байжарқынов төртінші артиллериялық корпусқа түседі. Сталинград үшін болған шайқастардың егжей-тегжейлі сәттері осы күнге дейін оның есінде: 200 күн мен түн кеңес солдаттары ерлікпен күресіп, фашистердің сағын сындырды. «Еділде болған қырғынды шайқасты сөзбен айтып жеткізу қиын. Ол тарихқа тегіннен енген жоқ. Біз жердің әрбір бөлшегі үшін күрестік. Және Сталинград төтеп бере алды. Кеңестік әскерилердің қайсар рухы мен ерлігі арқасында жауды ойсырата жеңдік. Бұл шайқаста кеңес халқының достығы мен солдаттарымыздың үлкен рухани және моральдық күштері аңғарылды», - дейді Қалдыбек аға.

Бірнеше айға созылған қанды соғыстан кейін, 1942 жылы желтоқсанның 14-і күні неміс әскері толығымен қоршауға алынды. Ал 1943 жылғы ақпанның 2-сінде генерал Паулюс, 30 генерал мен 300 мыңдық әскерімен бірге өз еріктерімен берілді. Солай Сталинград шайқасы аяқталды. Қанды қырғын салдарынан қалада аман қалған бірде-бір үй болмады. Қала қирандылардың астында жатты. Осы жеңістен кейін Ұлы Отан соғысында өзгермелі кезеңдер болды, ол гитлерлік Германияның ақырының басы еді. Сталинградтан соң жауды туған жерден қуу басталды.

Соғыс жолдарымен Қазақстан жауынгері Украина мен Беларус арқылы өтті. Варшаваны азат етіп, Берлинге дейіне жетті. «1945 жылы мамырдың 5-і күні кешкі сағат 5-те, біз Берлин қаласының маңында болған кезде соғыстың аяқталғандығы туралы хабар алдық. Сол мезеттегі солдаттардың қуанышы мен бақытын сөзбен айтып жеткізе алмаймын», - деп көз жасымен еске алды ардагер.

Соғыстан кейін өзінің туған жері Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт ауылына оралған батыр, ең бейбітшіл іс - жер жыртып, мақта өсірумен айналысты. Ол бригадир болды, кейін Ташкент ауыл шаруашылығы институтын сырттай бітіріп, бас агрономға дейін көтерілді. 1983 жылы құрметті зейнетке шыққанға дейін ауылдың кәсіподақ кеңесін басқарды.

Қ.Байжарқынов, өзінің бұл қан майданнан тірі оралуын, өміріндегі ең басты бақыты деп санайтынын жасырмады. «Бұл қанды соғыста талай жас қыздар мен жігіттердің өмірі қыршын кетті. Біз олардың ерлігін ұдайы есте сақтауымыз қажет. Олар өздерінің өмірлерін біздің бүгінгі бейбіт өміріміз үшін пида етті. Көзімнің тірісінде, соғыстың соңына дейін, Жеңіске дейін жетпеген майдандастарым үшін дұға тілейтін боламын. Олар біздің мәңгілік есімізде!», - деді Қ.Байжарқынов.