«Барша адамзат Адам Атадан басталатыны секілді бүкіл қазақтың шежіре атаулысы Атам Қазақтан басталатынын әрбір қазақ жүрегінің түбінде ұстауы керек. Әсіресе жастарға айтатыным мұндай рушылдық, жершілдік пиғылдан аулақ болыңыздар. Ел боламыз десек, жұрт боламыз десек бізге тек қана бірлік керек. Біз баяғы 12 ғасырдағы орыс князьдарының әрекетін де жасап жүргендейміз, қазіргі күні. Сондықтан да, алауыз болмай, тек бірлесіп қана бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп қана алға баса аламыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ», - деді Елбасы.
Бұл ретте мемлекет басшысы елдің зиялы қауымы әрқашан әрі кез келген істе маңызды рөл атқаартынын айтып, «сол зиялы қауым жоғарыдағы мәселелерге тиісті көңіл бөлуі керектігін» жеткізді.