Шідертідегі қоныс колониясы жабылуы мүмкін
Облыстық прокуратураның жетінші бсқармасының басшысы Жомарт Мұңсызбаевтың айтуынша, бюджетке жартылай бос тұрған қоныс колонияларын ұстау тиімсіз.
«Шідертідегі түзету мекемесінде 130 адамға орын бар. Бүгінгі күні онда 73 адам отыр. Қазіргі уақытта бұл мекемені жауып, сотталғандарды басқа аймаққа ауыстыру туралы мәселе туындап отыр. Негізі, бұрын да колонияда отырған қылмыскерлердлің саны жүзден аспайтын. Көбінесе жеңіл қылмыс жасағандар қоныс колониясына жіберілмей, шартты мерзім алады. Бұл сұрақ үкімет деңгейінде шешілетін болады», - деді Жомарт Мұңсызов.
Екібастұз қаласы прокурорының орынбасары Дамир Әнеков Шідерті колониясындағы сотталған азаматтардың барлығы жұмыспен қамтылғанын айтты. «Колонияда жұмыспен қамту -2017» бағдарламасы бойынша 60 адам «Павлодар-Астана» тас жолының құрылысында еңбек етуде.