Шиелі ауданындағы ірі компаниялар да «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

ШИЕЛІ. KAZINFORM - Республика бойынша Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқын алуда.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бес аптаға жоспарланған тазалық науқанының әр бөлігінің өзіне тән атауы мен мақсаты бар. Аталған акцияның «Жасыл ел» апталығы аясында биылғы 26 сәуір күні Шиелі ауданындағы өндіріс орындары «Ру-6» ЖШС мен «Semizbai-U ЖШС-нің Иіркөл кеніші қызметкерлері өз мекеме аумағын абаттандырып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Тазалық жұмыстарына 50 адам, 7 техника жұмылдырылып, 500 түп ағаш егілді. «Semizbai-U» ЖШС Иіркөл кенішінің директоры, аудандық мәслихат депутаты М.Салқынбаев акцияға қатысып, игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім білдірді.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі